$ 549.15  643.88  6.71

«Ұл тумағаныма өкінемін» - продюсер Гүлнұр Мамасарипова

Қоржын жинау деген сияқты нәрселер болады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

3 қызы бар продюсер Гүлнұр Мамасарипова ұл тумағанына өкінетінін айтты. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Бір кем дүние дәл қазіргі кезде ол ұлымның жоқтығы. Оны көпке дейін “маңызды нәрсе емес” деп ойлайтынмын. Маңызды нәрсе екенін қазір түсінемін. “Мен 48-ге келдім, енді туа алмайтын шығармын” деген ой келді. Оған дейін ол туралы ойланбаппын. Құрбыларымның ұлдары үйлене бастады. Қоржын жинау деген сияқты нәрселер болады. Қанша дегенмен ұл жақ қатты дайындалады. Келін түсіретін үйдің күйбеңі, ұлдың есейгені маған қатты әсер етіп кетті. Дәл осы менде жоқ деген ой келді сол кезде. Ғайниден (қызы) неге тумай қойдым деп өкініш пайда болып бастады”, — деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары