"Сол автокөліктің иесі жерлейтін кезде жаназа алдында «қарызы бар ма?» деген сәтті «бар» деп айқайлап шықты".
«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Мұрат Қожа журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында алғашқы жеке көлігіне қатысты оқиғаны айтып, оны неге сатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бұл көлікті маған сыйлаған Өмірбек ағам өмірден озды. Ол кісі біреудің көлігін алып кетіп, жолда жол апатына ұшыраған. Сол жерде қайтыс болады. Ал көлігі жарамай қалады. Сол автокөліктің иесі жерлейтін кезде жаназа алдында «қарызы бар ма?» деген сәтті «бар» деп айқайлап шықты. Ол менің көлігімді аударып тастады.
Сол кезде бәріміз тұрып қалдық. Мұндай айтылмайтын сияқты еді ғой деп бір-бірімізді қарасып қалдық. Сол кезде «қарызын өтейтін, мойнына алатын адам бар ма» деген сәтте, ойланбастан «мен төлеймін» деп шықтым. Сол кісіге бұйырған екен. Өйткені, маған ауыр болды. Сатып ақшасын бердім», - дейді Мұрат Қожа.