"Ең қызықтысы әлі алда".
Salem Entertainment мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады.
– Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер, алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтуде. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда! – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, белгілі актер, бірнеше веб сериалдың басты рөлдегі кейіпкері Рүстем Омаров Джеки Чанмен түскен суретін жүктеді.
"Жақында бәрін білетін боласыздар. P.S Реалдың ойынына дым қатысы жоқ", - деді актер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолдануышылары тарихи суретке түрлі пікірлер білдірді. Көпшілігі жақында жарық көретін кезекті фильмнің түсірілімі деп топшалады.
"Қазақстанда биыл нағыз Прайм Эра. Тек Бейонсе жетпей тұр", "Джекиді қайдан көрсек болады, автограф алып дегендей", "Кезекті "патрульдің" түсірілімі ме?", "Керемет, жарайсың, міне нағыз дәреже", - деді желі қолданушылары.