Тележүргізуші өз ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт қазақ қыз-келіншектеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші өз ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Әйел денсаулығының аса маңызды қыры-жүктілікті жоспарлау. Бұл жолда кез келген әйел алдында үнемі таңдау тұрады. Табиғи жолмен жоспарлау, яғни күнтізбеңді бақылау немесе гормоналды контроцептивтерді қабылдау. Соңғы жайт туралы әйелдер арасында түрлі мифтер көп.
Гормоналды контроцептивтерден әйел салмақ қосады, жыныстық қатынасты қаламайтындай күйге түседі, яғни либидо төмендейді, сондай-ақ, бұл препараттардың омырау безі мен жатырда өспе пайда болуына алып келетін кесірі болуы мүмкін деген үрей бар. Мұның бәрі көп әйелдің санасында тұрған ой. «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясы дәстүрлі түрде жүргізетін Ayelder Dausy жыл сайынғы сауалнамасының нәтижесі де әйел қоғамының осы алаңдаушылығын айқындап отыр.
«Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының қолдауымен жақында еліміздің үш ірі қаласында (Астана, Алматы, Шымкент) өткен дәрігер-гинекологтармен кездесулерінде әйел ағзасына қауіп төндірмейтін жаңа белсенді компонент – эстетрол негізіндегі соңғы буындағы контрацептивті препарат таныстырылды.
Жиында сөз алған медицина ғылымдарының докторы, профессор Талшын Укібасова: – Біз жаңа буындағы препаратпен жұмыс істеп отырмыз. Эстетрол табиғи эстроген ретінде таңдамалы әсерге ие. Оны қолдану тромбоэмболия мен жүрек-қантамыр жүйесінің асқынулары қаупін төмендетеді, сондай-ақ сүт безі тініне ықпалы барынша аз. Әсіресе, оның метаболикалық бейтараптығын атап өту керек, ол ағзада сұйықтықтың жиналуына әсер етпейді, тәбетті өзгертпейді және артық салмақ қоспайды. Салмақ қосудан қорқатын әйелдер үшін бұл өте маңызды, – деді
Ал, эндометриоз институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әйкерім Дощанованың айтуынша, жаңа буындағы контрацептивтер овуляцияны қалпына келтіріп, бір айдың ішінде бала көтеру мүмкіндігін қайтарады.
– Жаңа препараттың жоспарсыз жүктіліктің алдын алудағы тиімділігі 99,6%-ды құрайды. Әйелдердің басым бөлігінде оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін овуляция бір айдың ішінде қалпына келеді. Қосымша артықшылықтарының бірі – 24/4 қабылдау тәртібі. Ол қарапайым, ыңғайлы және бейімделуді жеңілдетеді. Мұның бәрі контрацепцияның жаңа деңгейі – анағұрлым қауіпсіз, болжамды және әйелдердің нақты қажеттіліктеріне бағытталған, – деп түсіндірді дәрігер», - деді танымал жүргізуші өз жазбасында.