"Тұсауды артқы жақтан кесу керек".
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың қызы Айзияның тұсаукесері желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тұсауды Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева кескен.
Айзияның тұсауы дәстүрлі түрде ішектен емес, гүлден өріліп жасалған. Динара Майғазиева оны қыздың алдынан кескен.
Алайда көпшілік мұны дұрыс қабылдамады. Желі қолданушылары:
– «Тұсауды артқы жақтан кесу керек», – «Ішектен өріледі, шөппен емес», – «Танымал адамдар дәстүрді бұрмалап жүр» деген сыни пікірлер қалдырды.
Динара Майғазиева сынға жауап беріп, Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабын мысалға келтірді:
– «Тұсауды алдынан кеседі. Себебі бала артқа емес, алға жүреді», – деді ол.