25.09.2025, 11:00

«Бар шындықты айтамын»: Мереке Қалбаева блогер Жанабыловтар туралы жазба жариялады

Коллаж: sn.kz

Блогер Жанабыловтар туралы ойын желідегі парақшасында айтты.

Танымал блогер Мереке Қалбаева өзінің желідегі парақшасында блогер Жанабыловтар туралы бар шындықты жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер Жанабыловтар туралы ойын әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Жанабыловтар ешқандай алаяқ емес, ол жерде түсініспеушіліктер, біз білмейтін нәрселер өте көп. Сондықтан Алла жар болсын деп, керісінше олардың тілеуін тілеп қойыңыздар.

Себебі онлай казино, тағы басқасы бар адамдарды алдайтын алаяқтар бар. Солардың бәрі блогерлерге зиянын тигізіп жатыр, олар блогерлердің атын жамылып, Құдайдан қорықпай сондайға барады", - деп жазды ол.