25.09.2025, 10:40

Димаш Құдайберген: «Ақшаға деген махаббат – тұла бойымызды билеп, санамызды улап жібереді»

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әнші бес жыл бұрынғы iPhone 12 телефонын әлі де қолданып жүр.

Әнші Димаш Құдайберген YouTube желісіндегі «Бизнес под капотом» каналына көлемді сұхбат берді. Сұхбат барысында ол ақша мен атаққа деген көзқарасы туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сұхбат алушы Айдос Жұмағұлов әртістің әлемге танылғанына қарамастан, бес жыл бұрынғы iPhone 12 телефонын әлі де қолданатынын айтып, оның себебін сұрады.

«Бір данышпаннан қаншалықты байсыз деп сұрағанда «мен өте бай адаммын. Неге десеңіз, менің Атамекенім бар, Тәуелсіз мемлекетім бар, кең байтақ жерім бар, отбасым аман, халқым аман, бауырым бүтін» деп жауап берген екен. Ал материалдық тұрғыда қаншалықты байсыз деп сұраған кезде «сіз айтып отырған миллиондаған ақшам ғана болатын болса, онда мен кедеймін депті. Неге десеңіз, өмір бақи ақша тапсам да, мен үшін оның құны көк тиын деген екен. Әрине, ақша барлық адамға керек. Бірақ ақшаға деген махаббат біздің алақанымыздың тұсында ғана болу керек. Алақанымыз арқылы жүрегімізге өтіп кететін болса, тұла бойымызды билеп, санамызды улап жіберуі мүмкін. Сол себептен адами құндылықтар сақтап қалу керек», - деп жауап берді Димаш.