Желі қолданушылары сүйікті жұптарына бақыт тілеп, құттықтап жатыр.
Танымал блогер Заңғар Нұртас әйелі Индирамен болашақ баласының кім екенін білді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қуанышты сәтті блогердің жұбайы жеке парақшасында жариялады. Олар ер баланың ата-анасы болады.
“Біздің кішкентай бақытымыз. Біз сені өте қатты жақсы көреміз және асыға күтеміз”, – деп жазды Индира Мәулен.
Желі қолданушылары сүйікті жұптарына бақыт тілеп, құттықтап жатыр.
“Алла қолдап, аман-есен босанып, салихалы ұрпақтан болсын”, “Алла тіл-көзден сақтасын! Ұзағынан сүйіндіре берсін. Бақытты болыңыздар”, “Көп уақыт бала күтіп еді, қуаныштымыз”, “Қазақ еліне +1 батыр екен”, “Заңғар ұлды жақсы көретін сияқты, қатты қуанды”, – деп жазды көпшілік.