Біраз уақыттан кейін не болды екен деп ватсабына он шақты рет жаздым.
Белгілі композитор Арысбек Бағдәулетұлы әлеуметтік желіде видео жариялап, әнші Сәкен Майғазиевтен кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын Майғазиевке жазған әнінің тағдырын білу үшін бірнеше рет хабарласқан. Алайда жауап ала алмаған соң қызбаланып, ауыр сөздер айтып қойғанын мойындады.
«Сәкен ағаға бір ән бердім. Біраз уақыттан кейін не болды екен деп ватсабына он шақты рет жаздым. Оқиды да, жауап бермейді. Содан қызбаланып, ауырлау сөз айтып қойдым. Бірақ Сәкен аға сабырлық танытып, биігінен түспеді», – деді композитор.
Арысбек Бағдәулетұлы артық кеткенін түсініп, көпшілік алдында кешірім сұрады:
«Аға, егер видеомды көріп отырсаңыз, сізден кешірім сұраймын. Арыстайыңыздан сізге бір ән болады».
Ал Сәкен Майғазиев болса, ренішін білдірмей, інісінің әрекетін жылы қабылдап, смайликпен жауап қайырған.