23.09.2025, 16:20

«Жаман келін атанбайын деп сұмдықтың бәріне төздім»: Белгілі блогер отбасындағы барлық шындықты жайып салды

Фото: коллаж Sn.kz

Шымкентте «тек бұзылған қыздар ажырасады» деген түсінік бар.

Шымкенттік танымал блогер Арай Сұлтан бес жылдық некеден кейін ажырасуға өтініш бергенін мәлімдеді. Ол бұл қадамды «өміріндегі ең дұрыс шешім» деп атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған. Күйеуінен зорлық-зомбылық көргеніне, тіпті жүктілік кезінде де соққыға жығылғанына қарамастан, «ұят» пен «жаман келін атанудан қорқу» салдарынан ажырасуға батылы жетпеген.

– «Бес жыл бойы барымды салып, отбасымды сақтауға тырыстым. Бірақ мұндай қатынастан шығу қиын болды. Әрдайым өзімді кінәлі сезіндім. Шымкентте «тек бұзылған қыздар ажырасады» деген түсінік бар. Сондықтан талай әйелдер зорлық-зомбылыққа көніп жүр», – дейді ол.

Әйел әлеуметтік желіде «әдемі отбасы» бейнесін ұстағанымен, ішкі өмірінде мүлде басқа жағдай болғанын мойындады.

– «Мен де талай уақыт бойы барлығына бақытты болып көрінгім келді. Бірақ шындықты мойындап, бұдан былай шыдай алмайтынымды түсіндім. Енді өз өмірім үшін күресемін», – дейді ол.

Ол ажырасу туралы шешімі үшін өкінбейтінін, алдағы өміріне сеніммен қарайтынын айтты:

– «Барлығы Алланың қалауымен. Мен сенемін: бәрі жақсылыққа бастайды», – деп сөзін қорытындылады.