Одан кейін әнші өзі туралы жағымсыз әңгімелерге мән бермейтініне қатысты жазба жариялады.
Танымал хит әндердің орындаушысы, актриса Жарқынай Ханайым пластикалық ота жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мінсіз мұрынды өнер иесі бала күнінен армандаған.
“Жарқынай бала кезінен армандаған арманын орындады. Мұрнының пішінін өзгертті. Отаға дейін азиаттық типті мұрын болатын. Біз мұрын көпірін түзеттік. Ұшын нәзік етіп жасаттық. Нәтижесін көріп тұрғаныңыздай, ол өте риза”, – деп жазды ота жасаған дәрігері.
Одан кейін әнші өзі туралы жағымсыз әңгімелерге мән бермейтініне қатысты жазба жариялады.
“Өмірде ешкім туралы пікір қалыптастырып, шешім шығаруға асықпаңыз… Уақыт деген құдіреттің үкімінен әлі ешкім қашып құтылған емес. Сол үшінде әділетсіздік, немесе негатив көрсем күліп бірден сабырға келетін болыппын”, – деп жазды әнші.