23.09.2025, 13:20

«Қу жанын сүйреп келді»: Жүрсін Ерман Торғайдағы айтыста төбе көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Пікір білдірушілер аталмыш кадрға қатысты өз ойларын жазып, Жүрсін Ерманның денсаулығына алаңдаушылық білдірген. 

Желіде Торғай жерінде өткен айтысқа қатысты түрлі видео тарады. TikTok қолданушысы айтыс аңызы Жүрсін Ерманның да сол жерден табылғанын жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Дара тұлға Жүрсін Ерман қу жанын сүйреп, Торғай жерінде өткелі тұрған айтысқа төрешілік етуге табанын тіреді. Нағыз айтыс болатынын осы кісіні көргенде бірден сезіндім. Қазақ айтысының жанашыры әрі қалаушысы. Алла ағамызға күш-қуат берсін. Бала күнімде теледидардан көріп, тыңдаушы едім. Жақыннан көріп мәз болдым, бірақ осындай хәлде көргенім қынжылтты", - деп жазды желі қолданушысы. 

Пікір білдірушілер аталмыш кадрға қатысты өз ойларын жазып, Жүрсін Ерманның денсаулығына алаңдаушылық білдірген. 

Айта кетейік, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Торғай жерінде аламан айтыс өткен еді.