Ол бұл жолы өзінің жеке өмірі туралы бар шындықты айтты.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқан әлі де көпшіліктің қызу талқысына түсуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көпшіліктің алдына сұхбат беріп шыққан Мөлдір Мұқан тағы да елдің қызу талқысына түсті.
Ол бұл жолы өзінің жеке өмірі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзіне сенсек, бүгінде ол күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен бірге тұрмайды.
Сұхбат барысында Мөлдір Мұқан сондай-ақ күйеуінің оның сахнаға шығуына, ән айтуына қарсы болғанын атап өтті. Әңгіме барысында көз жасына ерік берген оны, көпшілік әлі де Қабатовты жақсы көретінін жарыса жазуда. Олар әзілкештің жарына өз-өзін қолға алып, балалары үшін өз өмірін жалғастыруын сұрады.
"Жамандағаным емес, бірақ шынымен ән айту сіздікі емес сияқты"," Адамның жүзімен көруге болады бақытты бақытсыз екенін. Көзінде оты сөнген әйел отыр", "Күйеуін әлі жақсы көреді" сынды пікірлер жаздық оқырман қауымы.