22.09.2025, 15:40

«Үшінші мәрте жүкті ме?»: Айжан Байзақованың жаңа жазбасы елді шулатты

Фото: Instagram/bayzakova

Көпшілік оның жазбасынан гөрі фотодағы дөңгеленген ішіне назар аударды.

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова Instagram-дағы жаңа жазбасымен жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол күйеуін туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба қалдырғанымен, оқырмандардың назары басқа жайтқа ауды.

2025 жылғы 21 қыркүйекте Байзақова:

"Біздің бірге болғанымызға 4 жыл болды. Сен менің ең жақын досым әрі жан серігімсің. Сенің қасыңда мен тыныштық тауып, бақытты боламын. Енді ешқайда сабылғым да, ештеңе дәлелдегім де келмейді" – деп күйеуіне жүрекжарды лебізін білдірді.

Алайда көпшілік оның жазбасынан гөрі фотодағы дөңгеленіп қалған ішіне назар аударды. Біреулер блогерді тағы да ана атанғалы жатыр деп құттықтаса, енді біреулер мұны жай ғана алыпқашпа әңгіме деп қабылдады.

Кей желі қолданушылары тіпті Байзақова бұл суретті әдейі жариялап, халықты қызықтыру үшін «интрига» жасаған болуы мүмкін деп болжайды.

Айта кетейік, дәл осындай күдік 2023 жылдың қыркүйегінде де туындаған еді.