22.09.2025, 11:40

«Дариға Бадықова күйеуімен Олжас Абай үшін ажырасты»: Психолог актриса туралы (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

"Маман ретінде айтарым: Дариғада "кеш ашылу" энергиясы бар".

Психолог, тетахилинг Мәдина Абдет танымал актриса Дариға Бадықованың ажырасу туралы сөз қозғап, өнер иесіне талдау жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маман Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абай үшін ажырасты ма дегенге жауап бере кетті. 

"Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың бірге жүрген видеолары көп тарап жүр. Олар бірлесіп киноға түсті. Жасаған дүниелері сәтті шығып, қызығушылық көп болды. Сондықтан жұртшылық олардың ажырасуына Олжас Абай себепкер деп жатады. Басқалары болса, Дариға мен Дарханның ортақ баласы болмағанын алға тартады. Маман ретінде айтарым: Дариғада "кеш ашылу" энергиясы бар. Алдымен өмір сынақтарынан өтеді, кейін ғана сахнаға шынайы қабілетімен шығады. Бұрынғы күйеуімен тұрған кезде ол тұншыққан, "өзі емес" күйінде болған. Сондықтан бұл некенің бұзылуы жанның босап, шынайы миссиясына оралуы үшін қажетті қадам болған. Балалы болмауы жазаланғандықтан емес, кармалық дайындықтың болмауынан.Оның жанына "баладан бұрын өзін табу" бағдарламасы жазылған", - деді психолог.