21.09.2025, 19:30

«Ауырып жүр деп еді...»: Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті қызу талқыланды

Фото: @gulerkin_

Ол өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында "The Voice Қазақстан" жобасының жаңа маусымы басталатынын жариялады.

Продюсер Гүлім Еркін әлеуметтік желідегі парақшасында жақында музыкалық жоба болатынын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында "The Voice Қазақстан" жобасының жаңа маусымы басталатынын жариялады.

"11 қазаннан бастап, 20:00 The voice Қазақстан! Әрқашан Хабарда болайық!", – деп жазды продюсер.

Сонымен қатар жарияланған суретте көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың да бейнесі байқалады.

Желі қолданушылары әзілкештің сурет көріп: "Тұрсынбекке не болған?", "Қартайыпты ғой", "Ауырып жүр деп еді, қиын болыпты", "Бұрынғыдай емес", – деп пікір білдірді.