Көптен күткен концерт 19-қыркүйекте қаланың Орталық стадионында өтеді.
Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ — Backstreet Boys келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілерде әуежайда музыканттарды жылы шыраймен қарсы алған сәттердің кадрлары тарады. Әртістерге сый-сияпат көрсетіліп, қазақы тақия мен «Қазақстан» шоколады табыс етілді.
Еске салайық, көптен күткен концерт 19-қыркүйекте қаланың Орталық стадионында өтеді. Бұл іс-шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп жоспарланған. Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады.