$ 541.01  640.34  6.52

«Легенда оралды»: Қайрат Нұртас араға 10 жыл салып стадионда жеке концертін бермек (ВИДЕО)

Ол бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші қайрат Нұртас 31-қазан күні Алматының Орталық стадионда өзінің жеке ән кешін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездескелі тұрмыз…

20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолындағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз!

Кездескенше, сүйікті тыңдарман!

Мен сені күтемін", - деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын жылы қабылдады. 

"Бұйырса барамыз", "Легенда оралды", "Бұған бір рилс салса да жетеді, бір стадионды жинап алады", "Стадион тек Қайраттарға рұқсат қой", "Кім не десе де легенда ғой", - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары