$ 540.84  634.46  6.43

«Шындығымыз осы»: Сәкен Майғазиевтің әйелі ағынан жарылды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары ата-ене атанып үлгерген жұпқа жылы лебіздерін жаудыра кетті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Дианар Майғазиева желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Динара Майғазиеваның сөзінше, бір кездері арман еткен отбасын бүгінде Сәкен екеуі құра алған. 

"Бір кездерде, біз қиялдаған отбасылық өмір – бүгінгі шындығымыз. Аллаға шүкір. Бақыт деген осы шығар – сен армандап, Алла қалаған сәтте орындалуы. Сіздерге де армандарыңыз орындалып, бақытты отбасы нәсіп етсін", – деп жазды Динара Майғазиева.

Желі қолданушылары ата-ене атанып үлгерген жұпқа жылы лебіздерін жаудыра кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары