$ 540.84  634.46  6.43

Әнші Әмре танымал халықаралық ән байқауында бақ сынайды (ВИДЕО)

Ол көрермен алдына жетінші болып шығып, қазақ даласының үні мен рухын жеткізетін "Свет степи" әнін орындайды.

Фото: intervision.tass
Фото: intervision.tass

Музыка – халықтың жүрегін біріктіретін тылсым күш. Биыл Мәскеуде қайта жанданған беделді "Интервидение" халықаралық байқауы осыны тағы бір мәрте дәлелі. Қазақстан атынан әйгілі әнші Әмре, яғни Ернар Сәдірбайұлы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол көрермен алдына жетінші болып шығып, қазақ даласының үні мен рухын жеткізетін "Свет степи" әнін орындайды.

Айта кетерлігі, жеребе рәсімі ерекше өтті: қатысушылар дәстүрлі орыс шай дәстүрін сахналық ойынға айналдырды. Әр елден келген әншілер Царь-самауырдан шай құйып, ерекше ыдыстан өздерінің сахнаға шығу ретін көрді. Сол арқылы сахнаны алғаш болып кубалық орындаушы ашса, одан кейін Қырғызстан, Қытай, Мысыр, АҚШ пен Кениядан келген қатысушылар өнер көрсететіні анықталды.

Әмре – қазақ эстрадасының шынайы мақтанышы. Ол 2018 жылы "Славян базарында" топ жарып, Ресейдің «Голос» шоуының финалына дейін жеткен талант. Оның өнері қазақ мәдениетінің жаңа қырын танытып, тыңдарман жүрегіне жол тауып жүр.

Байқауға қатысушыларға қойылатын басты талап – өз елінде кеңінен танымал болу. Бұл жолы жүлде қоры да ауқымды: жеңімпаз 30 миллион рубльге ие болады. Қазылар алқасы – әр елден шақырылған танымал музыкалық сарапшылар.

"Интервидение" – кезінде Лев Лещенко, Ирина Понаровская, Алла Пугачёва сынды жұлдыздарды танытқан сахна. Енді сол сахнада Әмре қазақтың өнерін паш етпек. Финал түрлі мәдениеттер мен әуендерді тоғыстырып, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайтыны анық.

Байқаудың финалдық турын 20 қыркүйек күні сағат 22:30-да "Еуразия Бірінші арнасы" тікелей эфирде көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары