$ 536.76  630.85  6.45

«Анасын іздемеген тасжүрек»: Танымал актриса 13 жылдан кейін қызымен жылап қауышты (ВИДЕО)

Актрисаның айтуынша, қызына шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуға бір жыл рұқсат бермеген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі кино және театр актрисасы Гүлжамал Қазақбаева шетелде тұратын қызымен 13 жылдан соң кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, қызына шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуға бір жыл рұқсат бермеген. Бірақ кейін барлық туысқандарды шақырып, «қыздың бағын байламайық» деп, рұқсат еткен.

"Сағыныш деген жақсы да, қиын да сезім. Сағынышты сезінбеген адамның өмірі толыққанды деп те айта алмаймын", - деді ол. 

Осы сөздерден кейін актрисаның қызы Ләззат Әуезова 13 жылдан кейін анасын көру үшін "Алғашқы" бағдарламасына кіріп келді. Ана мен қызы бір-бірімен жылап қауышып, Гүлжамал Қазақбаева жүргізуші Аман Тасығанға алғысын жаудырды. 

"Анасын іздемеген не деген тасжүрек қыз", "13 жыл қайда жүр", "Қызы іздемесе де анасы іздеу керек еді ғой", "Маматайым деп қай бетімен айтып отыр екен", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 15
Күлкілі 5
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары