$ 536.76  630.85  6.45

«Айдана Меденованың қызы хиджаб киіп, мектепке кедергісіз кірді»: Журналист министрлікке үндеу жасады

"Мен кәмелет жасқа толмаған баланың хиджаб кигенін қолдамаймын".

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал журналист Жазира Бегалы хиджабпен мектепке барған Айдана Меденованың қызын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасады.

“Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желілерде бейнежазбасы жария болды. Қызы хиджаб киіп, мектепке кедергісіз кірді. Тыйым қайда?! Бұл Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ. Ал қарапайым адамның баласын мектепке жолатпай, “Рұқсат жоқ” деген заңды әке-шешесінің бетіне басып, оқушыны білім ордасынан қуып шығады. Мен кәмелет жасқа толмаған баланың хиджаб кигенін қолдамаймын. Министрлікке сұрағым бар. Заң мен талап – баршаға ортақ. Атақты адамның баласына хиджаб киюге неге ешкім тыйым салмайды?! Ал қарапайым жандардың жүйкесін мұғалімдер мүжиді. Әділдік қайда?! Ата-анасы атақты балаға хиджаб киюге рұқсат беру бұл алалау емес пе?! Министрлік балалардың құқығын бұзуға неге жол берген?! Заң баршаға ортақ болу керек”, – деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары