$ 535.13  627.44  6.52

«Ісік пайда болды»: Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатына ұшырағанын мәлімдеді

"Жолда жәй жүрейікші".

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Атырау-Орал тасжолында болған жол апатына танымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиевтің әкесі тап болды. Өнер иесінің айтуынша, әкесі Алланың қалауымен аман қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бауырлар, ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңертең Атырау-Орал жолында жағдай болды. Сәл жәй жүрейікші. Такси айдайтын бауырлар, сіздерді де бала-шағаңыз күтіп отыр. Соларды да ойлаңыздар. Әкем аман қалды, шүкір», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Актердің сөзінше, апаттан кейін әкесінің аяғында ісік пайда болған. Қазір ол қалаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.

«Бастысы – аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Алла оларға көтере алмайтын сынақ бермесін», – деді Жахан Отарғалиев.

Жахан Отарғалиевтың Stories-i 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары