Режиссер журналистің арадағы реніш туралы сұрағына атүсті жауап берді.
Театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов QazaqAIRAN-ға берген сұхбатынла Баян Алагөзова туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сұхбатында өнердегі жолын ашқан ұстазы Талғат Теменовтен кешірім сұраған еді. Режиссер журналистің арадағы реніш туралы сұрағына атүсті жауап берді.
"Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді. Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрағанынан, кешірім сұрамағанынан не өзгерді? Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашан да оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін", - деді ол.