$ 537.34  623.05  6.65

«Қараймайды, сарғаймайды, кепілдік беремін»: Ерке Есмахан сынға ұшыраған сотуарын қайта сатпақ

Әншінің айтуынша, оқырмандар арасында алқаға деген сұраныс жоғары.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Ерке Есмахан сынға ұшыраған сотуарын қайта сатуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, оқырмандар арасында алқаға деген сұраныс жоғары.

«Жеңгемнің мойнындағы сотуарды көргеннен кейін көпшілік хабарласып, “Сотуар бар ма?” деп сұрай бастады. Хаттардан көз ашпадым. Шынымды айтсам, таңғалдым. Енді алдағы уақытта сотуарды аздап өзгерістер енгізіп, қайта шығаратын боламыз. Арман-тілегім сол баяғы – сапалы, қараймайтын, сарғаймайтын, ағармайтын етіп жасаймыз. Оған толық кепілдік беремін», – деді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, былтыр Жаңа жыл қарсаңында әншінің шығарған сотуары көпшіліктің сынына қалған болатын. Оқырмандардың айтуынша, бұйым тот басып, қарайып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары