$ 537.34  623.05  6.65

«Балаларым өзіме ұқсамайды, әйелімнен күдіктенемін»: Шаншар театрының актері құпиясын ашты (ВИДЕО)

"Ешқайсысы маған ұқсамаған".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

"Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген.

Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен.

Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда.

Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын», — деп күлді актер Ғалымжан Қаппаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 20
Күлкілі 16
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары