$ 538.03  629.23  6.74

«Екінің біріне бұйырмайды»: Гүлзира Айдарбекова Әсел Асқарға 10 грамм гауһартас сыйлады (ВИДЕО)

"Батасын беріп, риза болды".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал блогер Әсел Асқар продюсер Гүлзира Айдарбековадан қымбат әрі ерекше сыйлық алғанын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің айтуынша, Гүлзира Айдарбекова жарнамалық бейнеролигіне түсуін сұрап, жеке жұмыс нөміріне хабарласқан.

“Әсел, сен қазір ең үздік блогерсің, сені маған продюсерім мақтап жатыр. Мені қолдап, видеома түсіп берші” деді. Мен бірден келістім. Еңбекқор адам болған соң, бағамды сұрады. Бірақ мен ақша алмайтынымды айттым. Батасын беріп, риза болды”, – деп жазды блогер.

Түсірілім кезінде жауапкершілікпен жұмыс істеген Әсел Асқар күтпеген тосынсыйға ие болған.

“Гүл әпкем 10 грамм гауһартасы бар әшекей бұйым сыйлады. Мұндай қымбат сыйлық күтпеген едім, қатты ұялдым. Бізде бәрі шын жүректен болды. Мәселе алтын мен бағасында емес, сыйластықта”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары