$ 538.03  629.23  6.74

«Екі жақтың ортақ шешімі»: Блогер Байзақованың інісі әйелімен ажырасқанын мәлімдеді

Ол биыл сәуір айында сүйіктісімен неке қидырып, ислам дінін қабылдаған еді.

Фото: Instagram/bayzakova/baizakov
Фото: Instagram/bayzakova/baizakov

Танымал блогер Әлихан Байзақов өзінің ажырасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, ол биыл сәуір айында сүйіктісімен неке қидырып, ислам дінін қабылдаған еді.

“Осыған нүкте қойғым келеді: біз ажырастық. Бұл – екі жақтың ортақ шешімі. Бұрынғы қыздарыма, бойжеткендерге, әйелдерге үлкен құрметпен қараймын. Көп жақсы сәттер мен естеліктер болды, бірақ бәрінің өз соңы бар. Мәселені жабық деп есептеймін. Бұл адам енді менің тегіме де, отбасымa да еш қатысы жоқ. Құрметпен қарауларыңызды сұраймын”, – деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары