13.08.2025, 13:20

«Көріп үлгермедім»: «Балқия» атымен танымал актриса әкесін еске алып, жылап қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Атамды - әке, әжемді - ана дейтінмін.

Халыққа "Балқия" рөлімен жақсы таныс актриса Нұргүл Мыңғатова өмірден ерте өткен әкесін еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әкесін жиі еске алып жүргенін айтып, ішіндегі сырымен бөлісті.

"Әкем өмірден кеткенде, кішкентай болдым. Ол кісі ауырып, қайтыс болды. Ағам 2 жаста болса да, есінде келбеті қалған. Ағама "Қандай бақыттысың? Көзін көрдің, әке деп айттың" деймін.

Атамды - әке, әжемді - ана дейтінмін. Сол кісілер ренжіп қалады ма деп, сұрауға батпайтынмын. Бірақ әкемді іздейтінмін. Соңғы кездері әкемді жиі есіме аламын.

Әкеме деген сағынышым мәңгілік.

Өмірден 33 жасында өтіпті. биыл 33 жыл болыпты қайтқанына демек тірі болғанда 66 жаста болар еді.

Басына бару тек биыл бұйырды.Әлі күнге дейін түсім сияқты. Әке, Бепе! Сағындым,Кешірдім. Мені де Кешір!", деп жылап қалды ол.

Өнер иесінің айтуынша, әкесі бала кезінде жанжарында болған.

«Әкеме деген сағынышым мәңгілік. Өте шебер кісі болды. Мына үйді өз қолымен салған. Барында бағаламадыңба деп ақыл айтудын қажеті жоқ. Мен әкесіз қалғанымда енді мектепке барайын деп жүргем. Мені түсінбесеңіздерде ренжімеймін ғой», деп ақтарылды актриса.