08.08.2025, 04:30

«Розаның өзі таңқалды»: Рымбаевамен ән салған қалыңдықтың арманы орындалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Кейін белгілі болғандай, қалыңдық бала кезінен Роза Рымбаеваның шығармашылығына тәнті болып өскен.

Қазақстанда өткен тойлардың бірінде ерекше әрі әсерлі сәт орын алды. Қалыңдық той барысында сахнаға көтеріліп, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге ән шырқады. Бұл сәт той қонақтары мен әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кейін белгілі болғандай, қалыңдық бала кезінен Роза Рымбаеваның шығармашылығына тәнті болып өскен. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әншінің әндерін үйреніп, сахнада орындауды армандаған екен. Сол бала күнгі арманы дәл осы сәтте орындалды.

Әлеуметтік желі қолданушылары қос әншінің орындауына жоғары баға беріп, келіннің вокалдық шеберлігі мен сахнадағы үйлесімді атмосфераны ерекше атап өтті.