06.08.2025, 11:40

Алаяқ деп танылған Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласына қатысты тың дерек шықты

Фото: instagram.com/abai.begei

Парақшасын әлі де еркін жүргізіп отыр.

Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетейік, әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова мен оның жұбайы Instagram, TikTok және Telegram желілері арқылы 850 мыңнан астам жазылушы жинап, онлайн лотерея ұйымдастырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, олар автокөлік, пәтер және түрлі құнды сыйлықтарды ұтысқа қойып, заңсыз жолмен 162 миллион теңге табыс тапқан.

Қазіргі уақытта күдіктілердің жылжымайтын мүліктері мен банктік шоттарына шектеу қойылған. Дегенмен, Гүлеркем Ниязқұлова әлеуметтік желілерде белсенді болып, парақшасын әлі де еркін жүргізіп отыр. Оған әлеуметтік желіден табыс табуға тыйым салынбаған.