$ 541.82  627.1  6.78

«Еркек шақ келмейді-ау мына қуатымен»: Өркен Кенжебек Джей Ло туралы ойын айтты (ВИДЕО)

Ол Джей Лоның испан тілінде айтқан әнін жоғары бағалап, тек сол әннің үзіндісінен видео жариялаған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал журналист, блогер Өркен Кенжебек Дженнифер Лопестің Астанада өткен жеке концерті туралы пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер өзінің жастық шағын әлемдік жұлдыздың өнерімен байланыстырып, естеліктерін бөлісті.

"Мойындауға ауыр, бірақ, менің, демек көбіңіздің жас шағыңыз Дженнифер әпкемнің буымен өтті-ау. “Жас Алашты” оқимыз. “Лопез бөксесін бір млн долларға сақтандырыпты” деген жаңалықты түсіне алмай дал болғанбыз. Қи шығаратын жер сонша қымбат па еді деп миымыздан бу шыққан. Тағы бір кәзит оқимыз. “Ойбай, Бен Аффлекпен неке шартын жасапты. Ол бойынша күйеуі оған $50 000-дан төмен сомаға сыйлық жасамау керек екен” деп жазады. Оны да мына ми әрең қабылдады ғой. Біз ол кезде пластмасса роза сыйласақ, оның өзі джентельмендік еді.

Сол Дженни күнделіктің сыртында тұрды, Jenny from the block клипі Пентиум III компьютерімнің жадына сыйып жатты. Сөйткен Дженнифер Астанаға келеді, оған мен әйеліммен барамын деп кім ойлаған? ", - дейді ол.

Сонымен қатар ол Джей Лоның испан тілінде айтқан әнін жоғары бағалап, тек сол әннің үзіндісінен видео жариялаған.

"Концерт ойдағыдай өтті. 56 жастағы апымның энергетикасы әлі шарпып тұр. 25 мың адам разы болған шығар, негізгі хиттарын шырқады. Бастысы, испан тіліндегі композицияларын ұмытпағанына респект. Әсіресе, Que Hiciste әні - мен үшін фаворит әлі. Бейнемнің соңына қостым.

Не дейін, поп музыка әлеміндегі аңыз таланты мен еңбекқорлығы арқылы талай жыл өзін дәлелдеп келе жатыр. Аттай жарап тұр. Бен Аффлек екінші рет тұрмысқа алып еді, екі жыл әрең шыдады-ау. Дженнифер апыма еркек шақ келмейді-ау мына қуатымен", деп жазды Өркен Кенжебек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары