$ 541.82  627.1  6.78

«Мұндай той тарихта қалады!»: Игорь Крутой Димаштың отбасындағы қуанышта тосынсый жасады (ВИДЕО)

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның ұзату тойында ел күтпеген ерекше тосынсый болды

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Салтанатты кеште Ресейдің халық әртісі, танымал композитор Игорь Крутой сахнаға шығып, рояльде сүйемелдей отырып, Димашпен бірге «Любовь уставших лебедей» әнін орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбалардан кештің жылы әрі әсерлі атмосферасын байқауға болады. Димаш пен Игорь Крутойдың дуэті қонақтарға шынайы эмоция мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Бұл ерекше сәт туралы dimash.musicclub Instagram парақшасы: «Димаш пен маэстро Игорь Крутой Раушан мен Ермаханның үйлену тойында өнер көрсетті», – деп жазды.

Қазақстанға арнайы келіп, Құдайбергендер әулетінің қуанышына ортақтасқан Игорь Крутойдың бұл қадамы жанкүйерлер арасында үлкен ықыласқа ие болды. Көпшілік мұны Димаш пен маэстро арасындағы шынайы достықтың айғағы деп бағалады.

Пікір қалдырғандар арасында: «Мұндай той тарихта қалады!», «Қыз ұзатуда Крутойдың өзі сахнаға шықса – бұл нағыз аңыз!», «Олардың дуэтінде әр нотада сиқыр бар!» – деген әсерлі сөздер жазылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары