$ 543.24  619.89  6.78

«Жол апатынан көз жұмды»: Уәлибек Әбдірайымов көпшілікке шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

Эфирге шықпасам болмады.

Фото: okg.kz
Фото: okg.kz

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта Уәлибек Әбдірайымовтың "жол апатына" ұшырағаны жайлы айтылған. Актер бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақ өнері қара жамылды. Белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов көлік апатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Шымкент облыстық театры баспасөз хатшысы Ғалия Өсербаева. Қаралы хабарды шәкірті Ғалымжан Қалыбаев өзінің Инстаграм парақшасына салып Уәлибек Әбдірайымов ақ көңілді кісі еді деп жазды», – делінген желіде тараған ақпаратта. 

Ал актер өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді.

«Мен Батыс Еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Мен өзіме жаназаны, жетісін айтпағанына өкпеледім. Солай қазір шулап жатыр екен. Қазір шетелге келдім. Кеше Германияда болғанмын. Өзім қорқып кеттім, тірімін ба, әлде өлімін ба деп», – дейді актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары