$ 543.24  619.89  6.78

«Дұға жасап қойыңыздар»: Ердос Қанаев жол апатына түскен Нұрсұлтан ұстаздың жағдайын айтты

Әлхамдулиллә, бүгін нақты ақпаратты естіп, көңіліміз орнына түсті.  

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com

Белгілі әнші Ердос Қанаев дінтанушы Нұрсұлтан Рысмағамбетовтің жол апатына түскені туралы хабарға алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде көпшілікті дұға жасауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жігіттер» тобының мүшесі Instagram парақшасында ұстаздың амандығы жайлы жаңалықпен бөлісіп, жұртты сабырға шақырды. «Нұрсұлтан ұстазымыз жол апатына ұшырапты деген хабарды естігенде қатты уайымдадық. 10 дұғам болса, соның бәрін Алладан сіздің жазылып кетуіңіз үшін тіледім. Әлхамдулиллә, бүгін нақты ақпаратты естіп, көңіліміз орнына түсті. Ұстаз аман екен, жағдайы жақсы. Алла тағала аман-есен отбасымен қауышуды нәсіп етсін. Дұға жасап қойыңыздар, бауырлар», — деп жазды ол.

Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Рысмағамбетов жол апатына түсіп, жұртшылық оның жағдайына алаңдаушылық білдірген болатын. Қазіргі таңда оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары