"Бұл сыйлықты менің туған күнімде жасадық".
Танымал блогер Фариза Төреәлі ата-енесіне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жұлдызы жолдасының ата-анасына саяхат сыйлады.
“Ата-ана – ең қымбат қазына. Олардың разылығын алып, қуаныш сыйлау – біздің борышымыз. Сол себепті, ата-анамыз Америкаға виза алған кезде, Фари жақсы идея айтты: "Неге оларға жолдама сыйламасқа?!" деді. Ойланып жатпай, бірден іске кірістік – енді олар әдемі саяхатқа аттанғалы отыр. Бұл сыйлықты менің туған күнімде жасадық. Осындай керемет ойың үшін рахмет, жаным. Ал ата-анамызға сәттілік, екеуі АҚШ-та қалай болады екен”, – деп жазды Дархан Нортаев.
Желі қолданушылары блогердің отбасына тілектерін жазып жатыр.
“Ескі машина берді деп шулағандар, қайдасыңдар?!”, “Бізге де жұғысты болсын”, “Ата-анама саяхат сыйлау – арманым”, “Алла перзенттерімізге адам жолмен ақша табуды жазсын”, “Дарханның ата-анасы керемет адамдар”, “10 жылға виза алған сияқты”, – деп жазды көпшілік.