Олардың қуанышты сәтіне Димаш Құдайберген де тілегін арнады.
Атақты әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген болашақ күйеуі Ермахан Аймаханмен бірге түсірілген фотосессия кадрларын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жастар жаздың басында Алматы облысының көрікті жерлерін аралап, табиғат аясында фотосессияға түсетіндерін алдын ала хабарлаған болатын. Жақында Раушан сол сәттердің суреттері мен видеоларын бөлісіп, көпшілікпен қуанышын бөлісті.
Олардың қуанышты сәтіне Димаш Құдайберген де тілегін арнап, жас жұбайларға жылы лебізін білдірді:
«Бақытты болыңдар, алтындарым!» – деп жазды әнші.