$ 542.03  627.29  6.66

Дженнифер Лопес Ресейде концерт қоюдан бас тартты

Команда шешімді Ресей мен Украина арасындағы соғыс жағдайымен және Батыс елдерінің ықтимал хейтімен байланыстырған.

Фото: egetelgraf.com
Фото: egetelgraf.com

Әлемдік шоу-бизнес жұлдызы Дженнифер Лопес Ресейдегі жеке концертінен бас тартты. Алдын ала келісімге сәйкес, Мәскеуде тамыз айында өтетін шоу ұйымдастырылуы тиіс болған және келісім құны кемінде 1 млн доллар деп белгіленген еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейлік ұйымдастырушылар әншінің Қазақстан, Өзбекстан және Армения елдерінде өткізген концерттерінен кейін қызығушылық танытқан. Тамыз айына нақты дата белгіленіп, ниеттестік келісімі жөніндегі келіссөздер де жүргізілген. Алайда, Лопестің командасы шешімді қайта қарап, концерттен бас тартатынын хабарлаған.

Команда шешімді Ресей мен Украина арасындағы соғыс жағдайымен және Батыс елдерінің ықтимал хейтімен байланыстырған. Әншінің өкілдері бұл уақытта Ресейде өнер көрсету репутациялық тұрғыдан аса қауіпті екенін, сондықтан тек соғыс аяқталғаннан кейін ғана концерт өткізу мүмкін болатынын жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары