$ 544.87  639.02  6.88

«Мақтаншақ, қылықтары біртүрлі»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуін көрсетемін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Оның жеген тамағын да салғаны оқырмандарға жақпай қалған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында күйеуімен қыдырып жүрген сәтін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда өнер иесінің қылықтарын көпшілік ерсі деп бағалады. Оның жеген тамағын да салғаны оқырмандарға жақпай қалған. Әншінің екінші күйеуінің келбеті мен жүріс-тұрысына дейін сынаған.

"Америкадан тапқан жарыңыз ұнамады. Уақытша қарым-қатынас сияқты", "Осы қатын ішкен-жегенін салып мақтана береді екен, қылықтары ерсі", "Күйеуіңіздің түрі де, қылығы да жат көрінеді", "Бұлай ел алдына жиі шығу – жастық шаққа жарасар, сізге емес", "Сонша таңдап алған күйеуіңіз осы ма, Сәбит жақсы еді ғой", "Тәлпіш болып кеткен", - деп жазды. 

Желі қолданушылары Айгүл ханымның қазақша сөйлемегенін де айыптады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 62
Күлкілі 5
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары