$ 533.61  621.07  6.78

«Таңдауы солай болса, қайтеміз?»: Жұбаныш Жексенұлы ұлының итальяндық қызға үйленгенін мәлімдеді (ВИДЕО)

Ол ұлының шет елдік қызға үйленуіне әу баста қапсы болғанын жасырмады. 

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Танымал әнші Жұбаныш Жексен YouTube- тегі «Сыр» бағдарламасында ұлы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ұлының шет елдік қызға үйленуіне әу баста қапсы болғанын жасырмады. 

«Менің үлкен келінім итальянка. Ұлым гитарист, шетелде оқыды, келінім де музыкант. Балам үйленем дегенде 5-6 жыл қарсы болып жүрдік. «Қазақтан табылмады ма» деген әңгімелер айттық. Бірақ кейін ұлыммен дұрыстап сөйлескенде шын ұнатып қалғанын түсіндірді. Жүрекке әмір жүрмейді ғой. Таңдауы солай болса, біз қалай келіспейміз? Өмір бойы сүйгеніне қосыла алмай, басқамен бас қосып, соның зардабын шегіп жүргенін қандай ата-ана тілейді, өз баласына?», — деді әнші.

Таңдауына көнген әке соңында баласының бақыты үшін рұқсатын берген. 

Сондай-ақ, Жұбаныш Жексен отбасы туралы көп айтқанды құптамайды. 

«Халыққа менің әнім, шығармашылығым қызық. Отбасы мүшелерін жеке-жеке тану шарт емес деп ойлаймын. Өміріме біреудің қол сұғып, қарағанын қаламаймын»,- деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары