Иманбаеваның сөзінше, күйеуі мәһрге Lamborghini көлігін алып беруге уәде еткен.
Танымал әнші Айгүл Иманбаеваға күйеуі көлік сыйлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Айдана Байтұрсын есімді желі қолданушысы айтты.
"Жездем Айгүл Иманбаеваға жаңа көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған", - деп жазды ол.
Иманбаеваның сөзінше, күйеуі мәһірге Lamborghini көлігін алып беруге уәде еткен. Алайда оған дейін Tesla маркалы автокөлікті сыйлауды жөн көрген.