$ 532.74  617.23  6.77

«Беташарға 1 млн теңге»: Белгілі блогердің тойын тікелей эфирден 50 мың адам тамашаған (ВИДЕО)

Осындай достарым болса, арманым жоқ.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Белгілі журналист Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, 28 жастағы блогер Артур Асқарұлы мен оның қалыңдығы Замира Саидова өткен демалыста дүркіретіп тойын өткізді. Жас жұбайлардың тойын тікелей эфирден 50 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Артур мен Замираның тойы тікелей эфирде тегін өтті. Тойда Роза Рымбаева, “МузАРТ”, “Дос Мұқасан” сияқты қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті. 

Блогер өзінің Instagram парақшасында беташар рәсімінен видео жариялады. Қонақтар беташар кезінде 22 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ақша салған. 

“Көп ақшаны” қоспағанда 3 012 000 теңге түсіпті, ағайын”, “Арман мен Талғат 20 мың теңгеден шығар да ма?”, “Осындай достарым болса, арманым жоқ”, “Мына беташардан кейін салық  комитеті халық бай екен деп ойлайды”, “Осындай қонақтарды қайтан тапсам болады”, – деп жазды желі қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары