$ 520.93  609.07  6.68

«Мақтап жүрген серілерің осы ма?»: Асылхан Төлеповтің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Көпшілік оны «Жау жүрек мың бала» фильмінде батыр Сартайдың рөлінде таныған.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Асылхан Төлеповтің сахнадағы кейпі жұртты таңғалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада актердің сахнаға қызғылт жібек шорты киіп шығып, бөксесін бұлғаңдатып билеген сәті бейнеленген.

Көпшілік оны «Жау жүрек мың бала» фильмінде батыр Сартайдың рөлінде көріп, салмақты образбен танығандықтан, мұндай ерсі қимылдарын сынап тастады.

 «Мақтап жүрген серілерің осы ма?», «Сахна мәдениеті деген қайда қалды? Масқара», «Бізге «Жау жүрек мың баладағы» Сартай батыр керек!», «Қазақ сахнасында ерсі көрінеді», «Сахнаны жын-ойнаққа айналдырды», «Сахнаның сәнін кетірді», - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 34
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары