09.07.2025, 17:00

«Балапан, біз сені күтудеміз»: Әнші Ayree қуанышты жаңалығымен бөлісті

Коллаж: Sn.kz

Қуанышты жаңалықты өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жақында екінші рет тұрмыс құрған әнші Ayree туған күнінде қуанышты жаңалығын бөлісіп, жүкті екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты жаңалықты өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Туған күніңмнен, Ayree! Өткен жылға тек алғыс. Аллаға сансыз шүкір. Жаңа жасымды ең керемет сезімімен қарсы алып отырмын. Мені бақытты қылған Нұркен, рақмет сүйіктім. Ата-анама, жақындарыма және ең бастысы сіздерге менің сүйікті тыңдармандарым, алғысымды білдіремін. Баршаңызға жұғысты болсын! Ал балапан, біз сені тағатсыздана күтудеміз”, – деп жазды Ayree.

Әншіні оқырмандары мен әріптестері жарыса құттықтады.

“Жолдасыңның құшағында, әр жыл сайын әлдиің мен әніңді айтып жүре бер”, “Туған күнің құтты болсын Айри, Нұркен екеуіңіз бақытты болыңыздар”, “Қандай күшті жаңалық! Отбасыңмен бақытты ұзақ ғұмыр кешіңдер! Тәтті балапаныңды аман есен құшағыңа ал”, “Өте әдемі кезеңде екенсің, балапаныңды бауырыңа аман-есен ал. Бақытың еселене берсін”, – деп жазды желідегілер.

Тегтер: әнші жүктілік