Аллам тіл көзден сақтасын!
Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, оқырмандарына жағымды жаңалығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жақында… Жаныңдамын — деп сыбырлайтын ән жарық көреді. Жүрекке жылы, жанға жақын, сағындырған бір әуен… Сіз үшін, сіздің жүрегіңіз үшін. Осы әнді естігенде ойыңызға кім келеді? Кім жаныңызда болғанда – бәрі мәнді, бәрі тәтті?
Ол адамды белгілеп кетіңіз…Бәлкім, бұл ән екеуіңізге арналар…", - деп жазды өнер иесі.
Жазбаның астына пікір қалдырған оқырмандарының басым бөлігі әншінің аяғы ауыр сияқты көрінгенін жарыса жазуда.