$ 512.44  593.15  6.52

«Мұсылман есімі емес»: Танымал әнші азан шақырып атын өзгерткенін айтты (ВИДЕО)

Әнші атын өзгерткен соң өмірінде көптеген өзгеріс болғанын атап өтті.

Фото: Индира Елемес
Фото: Индира Елемес

"Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болған танымал әнші Индира Елемес ерекше жаңалығын бөлісті. Ол есімін Хадиджа деп өзгерткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Индира Елемес 2023 жылы азан шақырып, есімін Хадиджа деп өзгерткен.

Әншінің айтуынша, есімін өзгертуді көптен бері ойлап жүрген. Бірақ батылы жетпеген. Алайда екі жыл бұрын жүрегінің үнін тыңдап, нақты қадамға барған.

"Индира есімі – мұсылман есімі емес. Оны кішкентай кезімнен білемін. Алайда анамның көңіліне қарайтынмын. 2023 жылы азан шақырып есімімді өзгерттім. Хадиджа деген атты өзім таңдап алдым", - дейді ол.

Әнші атын өзгерткен соң өмірінде көптеген өзгеріс болғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары