$ 512.44  593.15  6.52

«Еңбек Ері» атағы әлі берілмепті»: Халық әртістері Бибігүл Төлегеноваға бағалы сыйлық жасады (ВИДЕО)

Халық әртістері атақты әншіге тілектерін айтып, бағалы ішік тарту еткен.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Мақпал Жүнісова мен Майра Ілиясова жез таңдай әнші Бибігүл Төлегенованың үйіне арнайы барып, сый-cыяпат көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық әртістері атақты әншіге тілектерін айтып, бағалы ішік тарту еткен.

"Мақпал екеуімізден бөлек, тағы бір Халық әртісі Роза Рымбаева үшеуіміз сізге құрмет көрсеткіміз келді. Бірақ Роза Ақтөбедегі іс-шараға аттанып кеткендіктен келе алмады", – деді Майра Ілиясова.

Қос әнші халық әртісі жайған дастарханнан дәм татып, қонақ болды. Әдемі отырыстан кейін Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін "Еңбек Ері" деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таңғалдым. Арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?", – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары