$ 511.92  588.91  6.44

«Сегіз бала ту»: Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйлады (ВИДЕО)

Ол әншіні сүйіп тыңдайтынын айтып, ырымдап қолындағы бриллиант білезігін сыйға тартты.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Айгүл Иманбаева тойға барғанда бір оқырманы ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әншіні сүйіп тыңдайтынын айтып, ырымдап қолындағы бриллиант білезігін сыйға тартты.

"Құрметті Айгүл ханым, бүгін сізді тойда көріп қуанып жатырмыз. Жақында сізді тұрмысқа шықты деп естідік. Шын жүректен қуаныштымыз. Жақсы көріп тыңдаймыз. Халықтың барлығы жақсы көреді. Мен 10 баланың анасы ретінде шын жүректен қолымдағы білезігімді берейін. Ниет қой бастысы. 10 бала таппасаңыз да 8 бала туыңыз", - деді ол.

Өнер иесі де "аумин" десіп, балалы болғысы келетінін жасырмады. 

"Бүгін ерекше сәт болды –бір көрерменім жақсы көретінін айтып, құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз! 
Қадірменді, менің сүйікті көрерменім, сіздерге алғысым шексіз – мен бәріңізді жақсы көремін!", - деп жазды Айгүл Иманбаева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары