$ 511.92  588.91  6.44

«Бала өртеніп, ұшақ құлағанда жаназаға бармаған»: Сәкен Майғазиевтің тойына келген Бас мүфти сынға ұшырады

Бас мүфтидің бұл әрекеті қоғам белсенділері мен желі қолданушылары арасында теріс пікір туғызды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолғы себеп — әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойына арнайы барып, бата беруі. Бас мүфтидің бұл әрекеті қоғам белсенділері мен желі қолданушылары арасында теріс пікір туғызды.

Бас мүфтидің Алматыда өткен жұлдызды тойға қатысып, батагөй рөлін атқарғанын журналист Диас Нұрақын өткір сынға алды. Оның айтуынша, ел ішінде орын алған ауыр трагедиялар кезінде мүфтият тарапынан үнсіздік байқалса, шоу-бизнес өкілдерінің қуанышына келгенде ерекше белсенділік байқалады.

«БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!» – деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 13
Күлкілі 2
Ашулы 25

Серіктес жаңалықтары