$ 510.19  582.79  6.46

Еуропалық тур: Димаштың фанаттары әншіні Лондонда ерекше қарсы алды (ВИДЕО)

Димаш Лара Фабианның концертіне арнайы қонақ ретінде 3 маусымда OVO Arena Wembley аренасында қатысады.

Фото: dimashnews
Фото: dimashnews

2 маусымда Лондонға Лара Фабианның жеке концертіне өнер көрсету үшін келген қазақстандық әншіні Ұлыбритания астанасының әуежайында Dears күтіп алды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлыбританиялық және өзге елден келген жанкүйерлер қазақы дәстүр бойынша шашу шашып, өнерпаздың келгеніне қуаныштарын білдіріп, амандық-саулық тіледі.

Сондай-ақ, «D and Dears-қа» деген ыстық ықыластың символы ретінде «Махаббат бер маған» әнін бірге шырқады.
Димаш Лара Фабианның концертіне арнайы қонақ ретінде 3 маусымда OVO Arena Wembley аренасында қатысады.

Келесі күні, 4 маусымда Димаш Hilton London Wembley/Grand Ballroom залында жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді. Басталуы жергілікті уақыт бойынша 18.30.

Димаш Лондонда

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары